ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН «SHYMKENT HALF MARATHON – 2026» БҰҚАРАЛЫҚ МАРАФОНЫ ӨТТІ 🏃♂️
Шымкентте «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен Shymkent Half Marathon – 2026 бұқаралық марафонына 3 мыңға жуық тұрғын мен қала қонақтары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Қатысушылар 5, 10 және 21,1 шақырым қашықтықта бақ сынаса, балалар үшін 500 метрлік жүгіру ұйымдастырылды.
Марафонға қала тұрғындары, еріктілер, мәслихат депутаттары және танымал спортшылар мен өнер жұлдыздары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік қатысушылар медальдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Осындай бастамалар белсенді қоғам қалыптастыруға және салауатты өмір салтын дамытуға серпін береді 💪
369
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram