avatar
AMANAT партиясы
@AMANATPartiyasy
12.04.2026 10:11
Достар!

Баршаңызды 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Кез келген дамыған, яғни, озық мемлекеттің қазығы – ғылым, ал қазынасы – ғалым». Сондықтан бұл күн – адамзат баласының игілігі жолында қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ақыл-ой иелерін ардақ тұтар қастерлі мезет. Ғалымдар қауымы ашқан жаңалықтар мемлекетімізді жемісті жетістіктерге жетелейді.

Ғалым жолы – табандылық пен тапқырлықтың, ізденіс пен ізгілікке деген ұмтылыстың жолы. Осы жолда соны соқпақ салып, биік белестерді бағындыра білген барша ғалымдарымызға зор денсаулық, шалқар шабыт және толайым табыс тілейміз!
3 349

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

AMANAT партиясы

6.4K
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Открыть в Telegram