Әл-Фарабиде адам өлімімен аяқталған апатқа полиция қызметкерлерінің қатысы бар ма?
Бұл сауалға ІІМ бірінші вице-министрі Бауыржан Әленов жауап берді.
«Министрдің нұсқауы бойынша қызметтік тексеріс өткізіліп жатыр. Енді бірталай қылмыстық істер қозғалды. Қалай нәтижесі дайын болады, солай жариялайтын боламыз», - деді вице-министр.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Алматы полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдулдиновтің айтуынша, жүргізуші қазіргі уақытта ауруханада жатыр, жағдайы ауыр — жансақтау бөлімінде. Сол себепті әзірге онымен тергеу әрекеттері жүргізілген жоқ. Дәрігерлер рұқсат бергеннен кейін, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады.
❗️ Құрметті оқырман, қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, ақпаратты, фото-видеоны біздің нөмірге жолдаңыз����
@infoztb немесе
https://wa.me/77779419900
@ztb_qazaq
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram