avatar
Ruslan Zheldibay
@ruslanzheldibay
31.01.2026 14:57
Жекеме келген хаттар мен телефоныма түсіп жатқан қоңырауларға бірден жауап беруге мүмкіндігім болмады.

Баршаңызға жеке-жеке алғыс айта алмасам, түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймын.

Бірге қызмет атқарған әріптестеріммен де толық қоштасып үлгермедім. Бәріміздің мақсатымыз – бір, арманымыз – ортақ. Ол – Мемлекетіміздің бүгіні мен болашағына адал қызмет ету. Сол жолда әрқайсысыңызбен тізе қосып еңбек ету мен үшін маңызды кезең болды.

Бұл уақыт мемлекеттік қызметтің, ортақ жауапкершілік пен жүйелі жұмыстың мәнін терең түсінуге мүмкіндік берген тәжірибе ретінде мәңгі жадымда қалады. Барша әріптесімнің алда атқаратын қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін.

Ең бастысы, осындай жауапты міндеттерді атқаруға мүмкіндік берген Мемлекет басшысына шынайы ризашылығымды білдіремін!

Жасымызға қарамай зор жауапкершілік жүктеуі біздің буынға және болашаққа деген сенім деп қабылдадым. Мұндай сенімге ие болу мен үшін әрдайым зор мәртебе. Мемлекет басшысына алғысым шексіз!

Болашақта да ел мүддесіне қызмет ете береміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
11 3.2K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram