Астанада теміржол ынтымақтастығы ұйымы конференциясының XL отырысы бастау алды
Қазақстан елордасында теміржол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) конференциясының XL отырысы басталды.
Биыл бұл ұйымның құрылғанына 70 жыл толып отыр. ТЖЫҰ-ның 70-ші мерейтойлық отырысы Қазақстанда – Еуразия орталығында, стратегиялық көлік дәліздерінің қиылысында өтуі есте қаларлық оқиға.
Анықтама:
Теміржол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) 1956 жылы құрылған және халықаралық темір жол тасымалдарын дамытуға, бірыңғай темір жолдың құқықтық кеңістігін құру мен трансқұрлықтық маршруттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған халықаралық ұйым.
Іс-шара Қытай, Ресей, Мажарстан, Вьетнам, Әзірбайжан, Польша, Эстония, Армения, Грузия, Оңтүстік Корея сияқты 30-ға жуық елдің өкілдерін біріктірді. Астанада халықаралық транзитті дамыту, көлік дәліздерін синхрондау және Еуразия кеңістігінде тасымалдаудың тиімділігін арттыру бойынша негізгі шешімдер талқылануда.
Отырыстың күн тәртібінде – ТЖЫҰ жұмысының қорытындысы, жүк және жолаушылар тасымалын, инфрақұрылымды, цифрландыруды және кадрлар даярлауды дамыту мәселелері. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың одан әрі бағыттары айқындалады және алдағы кезеңге арналған жұмыс бағдарламасы бекітіледі.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram