avatar
ҚТЖ PRESS
@railways_kz
13.04.2026 06:59
Студенттер, ЖИ және ҚТЖ: салалық хакатон алаңында локомотивтің цифрлық ұқсастық нұсқасы таныстырылды
 
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ NU және Higgsfield-пен (отандық AI стартапы) бірлесіп, цифрлық шешімдерді іздеуге бағытталған хакатон өткізді.

ҚТЖ қатысушыларға «Қиындықсыз телеметрия: Локомотив телеметриясын визуализациялау» SWE-кейсін ұсынды.

Тәулік ішінде еліміздің түрлі жоғары оқу орындарының 56 командасы нақты уақыт режимінде локомотивтің жай-күйін мониторингілеуге және ықтимал ақауларды ерте анықтауға арналған прототиптері мен қолданбалы шешімдерін әзірледі.

Нәтижесінде ҚТЖ одан әрі пысықтау және енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін бірқатар перспективалы прототиптерге ие болды. Іс-шара форматы қысқа мерзімде ондаған технологиялық гипотезаларды сынақтан өткізуге және ең тиімді тәсілдерді анықтауға мүмкіндік берді.

Хакатон қорытындысы бойынша:
 -  1 орынды NU-ның  «Хакнушники»;
- 2 орынды NaN;
- 3 орынды ForCode студенттер командасы иеленді.
 
Бұл форматтағы хакатондар жасанды интеллект шешімдерін енгізуге ғана емес, сонымен қатар дайындығы бар IT-мамандардың кадрлық резервін қалыптастырады.

Компания отандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жалғастыруға және көлік саласына жаңа идеялар мен технологияларды тарту құралы ретінде осындай форматтарды дамытуға ниетті.
👍 66
5
2 940

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram