ҚТЖ «Астана – Талдықорған» бағытында жаңа теміржол бағдарын іске қосты
Бұл бастама тұрғындардан түскен бірқатар өтінішке сәйкес қолға алынды. Бағытта жаңа үлгідегі RWS Wagon вагондары қатынайды.
Пойыз құрамында екі купе және екі плацкарт вагоны бар. Күн ара қатынайтын жаңа бағыт елорда мен Жетісу облысы арасындағы тұрақты қатынасты жолға қояды. Астанадан шыққан вагондар алдымен №122/121 «Нұрлы жол – Семей» пойызының құрамында жүреді. Ақтоғай бекетінде олар №631/632 «Ақтоғай – Талдықорған» пойызына тіркеліп, әрі қарай Талдықорған станциясына дейін барады.
Пойыз Астанадан (Нұрлы жол) 9 сәуірден бастап тақ күндері сағат 06:32-де аттанып, Талдықорғанға келесі күні 11:05-те жетеді. Кері бағытта Талдықорғаннан 10 сәуірден бастап жұп күндері сағат 12:15-те шығып, Астанаға 19:30-да келеді. Жол жүру уақыты шамамен 28 сағатты құрайды.
«Жаңа 45-үлгідегі вагондар заманауи талаптарға сай. Вагондардың ішкі интерьері мерзімінен ерте тозуды болдырмайтын арнайы материалдардан жасалған. Сондай-ақ, мұнда климат-бақылау мен ауа тазарту жүйелері, жиналмалы жатын орындар, USB-порттар мен 220В розеткалар, Wi-Fi, LED-жарықтандыру және сапалы жылу оқшаулағыш орнатылған. Жолаушылар қауіпсіздігі үшін бейнебақылау, өрт сөндіру жүйелері және кондиционер қарастырылған. Бұдан бөлек, дыбыстық ақпарат беру, электронды таблолар мен шығу есіктерінің жарықтандырылуы бар»,
– деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері.
Көлік саласының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда жылжымалы құрамды жаңарту мен бағыттар аясын кеңейтуге басты басымдық беріледі.
➖➖➖
КТЖ запускает новый железнодорожный маршрут «Астана – Талдыкорган» с обновленными вагонами RWS Wagon
Маршрут введен в связи с высоким количеством поступивших обращений от населения.
Для обслуживания маршрута предусмотрено два купейных и два плацкартных вагона. Курсирование будет осуществляться через день, обеспечивая регулярное сообщение между столицей и областью Жетысу.
Из Астаны вагоны будут следовать в составе поезда №122/121 «Нурлы Жол – Семей», по станции Актогай будет осуществляться переприцепка к поезду №631/632 «Актогай – Талдыкорган», далее следование до станции Талдыкорган.
Отправление из Астаны (Нурлы Жол) — с 9 апреля по нечетным числам в 06:32, прибытие в Талдыкорган — в 11:05. В обратном направлении из Талдыкоргана — с 10 апреля по четным числам в 12:15, прибытие в Астану — в 19:30. Ориентировочное время в пути составляет около 28 часов.
“Вагоны новой серии «45» соответствуют современным требованиям безопасности, энергоэффективности и комфорта. Интерьер выполнен из износостойких материалов, предусмотрены системы климат-контроля и обеззараживания воздуха, трансформируемые спальные места, USB-порты и розетки 220 В, Wi-Fi, LED-освещение и современная теплоизоляция. Вагоны оснащены системами видеонаблюдения и пожаротушения, а также центральной системой кондиционирования, обеспечивающей комфорт в любое время года. Для удобства пассажиров реализованы аудиоинформирование, электронные табло и подсветка выходов”,
- отметили в АО «Пассажирские перевозки».
Обновление подвижного состава и расширение маршрутной сети остаются приоритетными направлениями деятельности в рамках реализации стратегических задач транспортной отрасли.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram