avatar
ҚТЖ PRESS
@railways_kz
10.04.2026 09:15
Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы теміржол тасымалы тұрақты қос таңбалы өсімді көрсетіп отыр
 
Жыл басынан бері Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы теміржол тасымалының көлемі 34% өсті (салалық статистиканың алдын ала деректері).
 
Өсім тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру, жеткізу мерзімдерін қысқарту және теміржол инфрақұрылымын дамыту есебінен қамтамасыз етілді.
 
Экспорттық тасымалдар, ең алдымен агроөнеркәсіптік секторда айтарлықтай серпін көрсетіп отыр. Астық экспорты 2 080 мың тоннаға жетті (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +50%).
 
Өнеркәсіптік сегментте қара металдар экспорты 43% (442 мың тоннаға дейін) өсті, мұнай өнімдері – 6% (212 мың тонна).
 
Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия елдері бағытында транзиттік тасымалдардың оң серпіні сақталуда. Мұнай өнімдері транзитінің көлемі 28%-ға, қара металдар 42%-ға ұлғайды. Азық-түлік жүктерін тасымалдау 28%-ға  ұлғайды.
 
Кері бағытта транзиттік ағындардың өсуі де тіркелуде. Атап айтқанда, содамен қоса химиялық өнімдерді тасымалдау көлемі 2 есеге (36 мың тоннаға дейін), жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдау көлемі 50%  (28 мың тонна), түсті кенді тасымалдау көлемі 10% (56 мың тонна) ұлғайды.
 
Өңір елдері бөлінісінде Өзбекстанмен тасымалдау көлемі 37%, Түрікменстанмен 31%, Тәжікстанмен 16%, Қырғызстанмен 13% өсіп отыр.
 
Осылайша, Қазақстан позициясын дәйекті түрде нығайтып, өңірдегі сауда-экономикалық байланыстардың орнықтылығына үлес қосуда.
👍 54
7
940

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram