avatar
ҚТЖ PRESS
@railways_kz
08.04.2026 14:15
Темір жолға тартылған қаражат неге керек – сарапшы түсіндірмесі

ҚТЖ-ның Инновациялық орталығында теміржол саласын одан әрі дамытуға арналған кездесу өтті. Кездесу барысында сала сарапшысы – Инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры Данияр Арқалық теміржол саласына тартылған қаражаттың мақсаты туралы толығырақ айтып берді.
 
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде компания теміржол желісін дамытуға, өткізу қабілетін арттыруға және елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды қамтитын ауқымды бағдарламаны кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асырып келеді. Жобаларды қаржыландыру халықаралық тәжірибеде қолданылатын түрлі көздерді қамтитын теңдестірілген тәсілді пайдалана отырып орындалады. Тартылатын қаражат жаңа теміржол желілерін салуға, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықаралық көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыруға бағытталады.
         
Fitch және Moody's халықаралық рейтингтік агенттіктері ҚТЖ-ның  кредиттік рейтингінің инвестициялық деңгейін растап отыр. Жүк тасымалы тұрақты қарқынды көрсете отырып, негізгі табыс көзі болып қала береді. Компания сонымен қатар S&P Global бағалауында ESG көрсеткіштері бойынша әлемнің жетекші көлік компаниялары қатарына кіреді.
   
Жобаларды іске асыру көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуды, тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруды және Қазақстанның еуразиялық кеңістіктегі негізгі транзиттік буын ретіндегі рөлін күшейтуді қамтамасыз етеді.
👍 51
3
1 3.2K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram