avatar
ҚТЖ PRESS
@railways_kz
07.04.2026 19:04
ҚТЖ PRESS Фото: Астана – Омбы халықаралық бағытында RWS Wagon компаниясының жаңа 45-үлгідегі жолаушылар вагондары қатынай бастады «Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында №145/146 «Нұрлы жол – Омбы» халықаралық бағытына RWS Wagon зауытының заманауи 45-үлгідегі вагондарын шығарды. Жаңартылған пойыз құрамы «Нұрлы жол» вокзалынан аптасына үш рет — сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Пойыз құрамында жалпы сыйымдылығы 300-ден астам орынға есептелген 8 жаңа купелік және плацкартты вагон пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға арналған арнайы орындар қарастырылған. Пойыз Астанадан сағат 19:40-та аттанып, Омбы вокзалына ертесіне сағат 08:18-де (Мәскеу уақытымен) жетеді. Кері бағытта Омбыдан сағат 12:07-де шығып, елордаға 04:48-де оралады. Жалпы жол жүру уақыты 14 сағат 53 минутты құрайды. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жолаушылар вагондары паркін жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл — компанияның стратегиялық басым бағыты. Бүгін жаңартылған құрам «Астана – Омбы» бағытына жолға шықты. Аталған өзгерістер халықаралық көлік қатынасын дамытуға жаңа серпін береді», — деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Дияр Нүсіпқожанов. Жаңа 45-үлгідегі вагондар заманауи талаптарға толық сай келеді. Интерьері мерзімінен ерте тозуды болдырмайтын арнайы материалдардан жасалған, климат-бақылау және ауаны залалсыздандыру жүйелерімен, USB-порттармен және 220 В розеткаларымен, Wi-Fi желісімен,биодәретханалармен жабдықталған. Вагондарда бейнебақылау және өрт сөндіру жүйелері, сондай-ақ, жылдың кез келген уақытында қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін кондиционер жүйесі орнатылған. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін аудиохабарлама, есіктерді жарықтандыру жүйелері, нәрестелерге арналған жөргек ауыстыру үстелдері және т.б. қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, Астана – Омбы бағыты 2025 жылдың қысында тұрақты қатынасқа енгізілген.
На международном маршруте Астана – Омск запущены новые пассажирские вагоны 45 «модели» RWS Wagon

АО «Пассажирские перевозки» продолжает поэтапное обновление подвижного состава, вводя в эксплуатацию современные пассажирские вагоны 45 «модели» производства RWS Wagon на международном маршруте №145/146 «Нурлы жол – Омск». Поезд будет курсировать со станции Нурлы жол три раза в неделю — по вторникам, пятницам и воскресеньям.

В составе поезда «Нурлы жол – Омск» эксплуатируются 8 новых вагонов, включая купейные и плацкартные, общей вместимостью более 300 пассажиров. Также предусмотрены специальные места для людей с особыми потребностями. Поезд отправляется со станции Нурлы жол в 19:40 (время Астаны) и прибывает на станцию Омск в 08:18 (время МСК). В обратном направлении поезд отправляется со станции Омск в 12:07 (время МСК) и прибывает на станцию Нурлы жол в 04:48 (время Астаны). Время в пути 14 часов 53 мин.

«По поручению Главы государства ведется системная работа по обновлению и модернизации пассажирского вагонного парка, что является стратегическим приоритетом нашей компании. Сегодня обновленный состав запускается на маршруте «Астана – Омск». Эти изменения станут значимым этапом в развитии международного транспортного сообщения»,

— отметил на презентации новых вагонов Председатель Правления АО «Пассажирские перевозки» Дияр Нусипкожанов.

Вагоны новой серии «45» соответствуют современным требованиям безопасности, энергоэффективности и комфорта. Интерьер выполнен из износостойких материалов, предусмотрены системы климат-контроля и обеззараживания воздуха, трансформируемые спальные места, USB-порты и розетки 220 В, Wi-Fi, биотуалеты и современная теплоизоляция.

Вагоны оснащены системами видеонаблюдения и пожаротушения, а также центральной системой кондиционирования, обеспечивающей комфорт в любое время года. Для удобства пассажиров предусмотрены аудиоинформирование и подсветка выходов, пеленальные столики, индивидуальные сейфы и гипоаллергенные материалы отделки. Конструктивные решения позволяют оптимизировать эксплуатацию и повысить эффективность обслуживания.

Напомним, что маршрут Астана – Омск был введён в регулярное сообщение зимой прошлого 2025 года.
👍 53
4
10 3.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram