avatar
ҚТЖ PRESS
@railways_kz
31.03.2026 13:24
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желінің өткізу қабілетін және тасымалдау қауіпсіздігін арттыру үшін инновациялық технологияларды белсенді енгізуде. Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов Үкімет отырысында компанияның негізгі жобалары туралы айтып берді.

Соңғы бес жылда ҚТЖ 50 астам ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асырды, оның ішінде жетеуі - 2025 жылы. Alt University-мен бірлесіп теміржол саласының мамандарын даярлау үшін жол шаруашылығы және энергетика зертханалары ашылды. 2025 жылы ҚТЖ базасында инновациялық жобаларды іске асыру үшін жобалау-конструкторлық бюро құрылды.

Қарағайлы-Көкпекті учаскесінде «АЙМАҚ RAIL» пойыздарының қозғалысын реттеудің цифрлық жүйесі енгізілді. 2025 жылғы желтоқсанда ұзындығы 247 км-дегі учаскеде Starlink спутниктік жүйесін енгізу жобасы басталды, бұл өткізу қабілетін тәулігіне 4-тен 7 жұп пойызға дейін ұлғайтуға және жылына 5 млн тоннадан астам жүк тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сынақ 2026 жылдың сәуіріне жоспарланған.

Дизель-электр жүйесі және аккумуляторлық батареялары бар гибридті маневрлік локомотивтер енгізілуде. Олар отынды үнемдейді, зиянды заттардың шығарындыларын 20% азайтады және тиімділікті 15% - арттырады.

Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін Wabtec компаниясының Кinetix диагностикалық жүйесі қолданылады, ол жүк вагондарын қарау уақытын 2 сағаттан 8 минутқа дейін қысқартады. Бірінші жиынтық Астана – Қырқыншы аралықта орнатылды, 2026 жылы тағы бесеуі орнатылады.

Көктұма аралығы - №16 разъезде жапондық мамандармен бірлескен жел жүктемесін және қарды азайту бойынша Riken Kogyo жобасы жүзеге асырылуда. Мақсат – қиын ауа-райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету.

«ҚТЖ Ventures» бағдарламасы аясында екі цифрлық шешім енгізілуде:
Multicode – тасымалдауды басқаруды автоматтандырады және келісу мерзімін 3 күннен 6 сағатқа дейін қысқартады;
Freelancity – теміржол желісінің кедергілерін анықтайды және ауысымдық-тәуліктік жоспарлауды жақсартады.

2025 жылы ҚТЖ «Samruk Innovation Hub» байқауына және «Самұрық-Қазы»на» қорының «Үздік инновациялық компания» жобасына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
👍 27
8
1 3.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram