«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергеновтың салынып жатқан Дарбаза – Мақтаарал желісіне жұмыс сапары аясында «Узбекистон темир йуллари» АҚ Басқарма Төрағасы Зуфар Нарзуллаевпен кездесу өтті. Мақтаарал станциясында өткен кездесу жүк тасымалдау қорытындылары мен шекара маңындағы теміржол инфрақұрылымын дамыту перспективаларына арналды.
Тараптар ынтымақтастықтың рекордтық көрсеткіштерін атап өтті: 2025 жыл соңғы 10 жылда жақсы нәтиже көрсетті, елдер арасындағы тасымалдау көлемі 32,3 млн тоннаға жетсе, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 16% артық. 13 млн тоннаны (+8,5%) құраған қазақстандық экспорт жоғары серпінді көрсетті, бұл ретте Өзбекстанға астық тасымалы 32% өсіп, 4,5 млн тоннадан асты. Оң үрдіс 2026 жылы да сақталып отыр: алғашқы екі айда тасымалдау көлемі 6,6 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,5% өсіп отыр. 2026 жылдың қорытындысы бойынша тараптар жүк ағынының одан әрі ұлғаюын болжайды.
Келіссөздер барысында Мақтаарал – Сырдария мемлекетаралық түйіспе пунктіне (МАТП) шығатын Дарбаза – Мақтаарал жаңа желісінің қарқынды құрылысына ерекше назар аударылды. Теміржол әкімшіліктерінің басшылары түйіспелерді дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту, соның ішінде заманауи автоблоктау және байланысты орталықтандыру жүйелерін енгізу туралы ақпаратпен алмасты. Екіжақты қатынастардың жай-күйіне жоғары баға бере отырып, тараптар өңірдің транзиттік әлеуетін нығайту үшін тығыз диалогты жалғастыру ниетін растады.
➖➖➖
В рамках рабочей поездки Председателя Правления АО «НК «Қазақстан темір жолы» Талгата Алдыбергенова на строящуюся линию Дарбаза - Мактаарал состоялась встреча с Председателем Правления АО «Узбекистон темир йуллари» Зуфаром Нарзуллаевым. Встреча, прошедшая на станции Мактаарал была посвящена итогам грузоперевозок и перспективам развития приграничной железнодорожной инфраструктуры.
Стороны отметили рекордные показатели сотрудничества: 2025 год стал лучшим за последние 10 лет, объем перевозок между странами достиг 32,3 млн тонн, что на 16% превышает показатели 2024 года. Высокую динамику продемонстрировал казахстанский экспорт, составивший 13 млн тонн (+8,5%), при этом перевозки зерна в Узбекистан выросли на 32%, превысив 4,5 млн тонн. Положительный тренд сохраняется и в 2026 году: за первые два месяца объем перевозок уже составил 6,6 млн тонн, показав рост на 37,5% к аналогичному периоду прошлого года. По итогам 2026 года стороны прогнозируют дальнейшее увеличение грузопотока.
Особое внимание в ходе переговоров было уделено интенсивному строительству новой линии Дарбаза - Мактаарал с выходом на межгосударственный пункт перехода (МГСП) Мактаарал - Сырдарьинская. Руководители железнодорожных администраций обменялись информацией о развитии стыков и модернизации инфраструктуры, включая внедрение современных систем автоблокировки и централизации связи. Дав высокую оценку состоянию двусторонних отношений, стороны подтвердили намерение продолжать тесный диалог для укрепления транзитного потенциала региона.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram