avatar
ҚТЖ PRESS
@railways_kz
21.03.2026 10:36
ҚТЖ PRESS Фото: 2026 жылғы 20–25 наурыз аралығында «Jibek Joly» халықаралық туристік пойызы Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыған мәдени-танымдық бағыт бойынша жолға шықты. Жобаның жаңа кезеңінде бағыт алғаш рет Душанбе қаласына дейін ұзартылды. Маршрут Ұлы Жібек жолының бойындағы Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы секілді тарихи қалаларды қамтыды. Осы арқылы көне өркениет ошақтары мен заманауи мегаполистер біртұтас бағытта тоғысты. Турға 400-ден астам турист қатысты. Тур пакетіне пойызбен жол жүру, кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен экскурсиялар, туристік нысандарға кіру билеттері және туроператорлар ұйымдастырған трансфер қызметтері енгізілді. Жобаның мазмұндық құндылығы оның Наурыз мерекесі және қасиетті Рамазан айының аяқталу кезеңімен тұспа-тұс келуі арқылы арта түсті. Бұл кезең – жаңару мен рухани тазарудың, сондай-ақ халықтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудың айқын көрінісі. Туристтер аймақ халықтарының дәстүрлерімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, музыкасы мен тұрмыс-тіршілігімен, сондай-ақ тарихи мұрасымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Айта кетейік, «Jibek Joly» туристік пойызы 2024 жылы алғаш рет іске қосылып, Қазақстан мен Өзбекстан арасында 10 туристік рейс жүзеге асырылды. Бағытқа деген жоғары сұранысқа байланысты «Keruen Express» туристік пойызы да қатар жолға қойылды. Жалпы, жоба басталғалы бері шамамен 3000 турист тасымалданды. Сонымен қатар, «Jibek Joly» туристік пойызы Kazakhstan International Tourism Fair (KITF) халықаралық көрмесінде ТМД кеңістігіндегі алғашқы халықаралық туристік пойыз ретінде сәтті жүзеге асырылғаны үшін «Үздік туристік өнім» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Жобаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Өзбекстан темір жолдары», «Тәжікстан темір жолдары» және «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды. Аталған туристік пойыздың іске қосылуы теміржол туризмінің дамуына жаңа серпін беріп, өңір елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ, Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға ықпал етті.
С 20 по 25 марта 2026 года международный туристический поезд «Jibek Joly» объединил Казахстан, Узбекистан и Таджикистан в рамках единого культурно-познавательного маршрута. Впервые в истории проекта маршрут был расширен до города Душанбе.

Путешествие проходит по ключевым городам Великого Шёлкового пути: Алматы – Туркестан – Самарканд – Душанбе – Ташкент – Алматы, соединив духовные центры, древние города и современные столицы Центральной Азии. Всего в тур отправились более 400 туристов.

В стоимость туристического пакета включены проезд на туристическом поезде, экскурсионная программа с сопровождением профессиональных гидов, входные билеты на объекты посещения, а также трансферы, организованные туроператорами.

Особое значение проекту придало его проведение в период празднования Наурыза и завершения священного месяца Рамадан — времени обновления, духовного очищения и укрепления культурных связей. Участники поездки ознакомятся с праздничными традициями народов Центральной Азии, национальными обрядами, музыкой, обычаями, а также с историей регионов.

Стоит отметить, что впервые туристический поезд «Jibek Joly» был запущен в 2024 году, соединив тогда Казахстан и Узбекистан. В связи с востребованностью маршрута, параллельно с ним также был запущен турпоезд «Keruen Express». Таким образом, с момента запуска проекта было перевезено порядка 3000 туристов.

К слову, туристический поезд «Jibek Joly» в рамках Казахстанской международной туристической выставки Kazakhstan International Tourism Fair (KITF) был удостоен награды в номинации «Лучший туристический продукт» за успешную реализацию первого международного туристического поезда в СНГ.

Туристический поезд был организован АО «НК «Қазақстан темір жолы» при содействии «Узбекских железных дорог», «Таджикских железных дорог», а также Республиканской ассоциации СРО «Казахстанская индустрия туризма».

Запуск туристического поезда «Jibek Joly» стал важным шагом в развитии железнодорожного туризма, способствовал укреплению культурных связей между Казахстаном, Узбекистаном и Таджикистаном, а также популяризации исторического наследия региона.
👍 32
4
2 3.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram