avatar
ҚТЖ PRESS
@railways_kz
16.03.2026 16:02
ҚТЖ PRESS Фото: 17 наурыздан бастап №353/354 «Нұрлы Жол – Семей» бағыты бойынша қатынайтын пойыз құрамына RWS Wagon компаниясының жаңа вагондары енгізіледі. Жаңартылған вагондар жолаушыларға жол жүру кезінде барынша жайлы жағдай жасауға бағытталған. Пойыз құрамы 9 вагоннан тұрады: 3 купелік, 5 плацкарт және 1 штабтық вагон. Бір бағытта пойыз 350-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Пойыз күнара қатынайды. «Нұрлы Жол» станциясынан 17:55-те, ал Семей станциясынан 16:45-те жөнелтіледі. Бұған дейін аталған бағытта 1993 жылы шығарылған вагондар қолданылған. Қазіргі уақытта пойыз құрамы жаңа буындағы заманауи вагондармен жаңартылды. Жаңа вагондар дизайн, қауіпсіздік және жайлылық бойынша халықаралық талаптарға сәйкес жасалған. Купелерде эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке жарықдиодты шамдар, USB-порттар және электр желісіне арналған розеткалар орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы купелер мен арбаға арналған орындар, сондай-ақ, жолсерікті шақыру батырмасы қарастырылған. Вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін. Соңғы екі жыл ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ RWS Wagon (ЗИКСТО) өндірісінің 219 вагонын сатып алды. Жаңа вагондар сондай-ақ, «Ақтөбе – Атырау», «Павлодар – Түркістан», «Павлодар – Алматы», «Қызылорда – Семей», «Алматы – Саратов», «Алматы – Өскемен», «Астана – Көкшетау», «Астана – Бурабай курорты», «Қарағанды – Астана» бағыттарында да қатынауда. Вагон паркін жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ұлттық тасымалдаушының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі саналады. 2030 жылға дейінгі жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жолаушылар вагондары толықтай жаңартылады. Анықтама: Техникалық сипаттамалары мен мүмкіндіктері. RWS Wagon (ЖШС «ЗИКСТО») компаниясы шығарған барлық вагондар 45-серияға жатады және жолаушылардың сапары кезінде жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заманауи жабдықтармен өндірілген. Бұл вагондар мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалы отбасыларға, егде жастағы жолаушыларға және халықаралық туристерге қолайлы болатындай етіп бейімделген. Кедергісіз қолжетімділік жүйесі мүгедектер арбасын пайдаланатын жолаушылардың вагонға бөгде көмексіз кіруіне мүмкіндік береді. Балалы отбасылардың ыңғайы үшін санитарлық тораптарда нәрестенің жөргегін ауыстыруға арналған арнайы үстелдер қарастырылған. Вагондарда Wi-Fi желісі және әр орынның жанында орналасқан USB-розеткалар жолаушыларға байланыста болып, оқу, жұмыс істеу немесе демалу кезінде құрылғыларын оңай қуаттауға мүмкіндік береді. Әрбір сөренің жанында орнатылған эргономикалық тұтқалар, тамбурлардағы жарықдиодты жарықтандыру, сондай-ақ, әр купеде температураны жеке реттеу мүмкіндігі сапар барысында жоғары деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жолаушылардың бағалы заттарын сақтауға арналған жеке сейфтер қарастырылған. Вагондардың ішкі әрлеуі экологиялық таза, гипоаллергенді материалдардан жасалған. Ал ауаны залалсыздандыру жүйесі инфекциялардың таралу қаупін төмендетуге ықпал етеді. Әрбір штабтық вагонда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған кеңейтілген арнайы купе және санитарлық торап бар. Тамбур мен салон арасындағы батырма арқылы басқарылатын жылжымалы есіктер кеңістікті үнемдеп, шуды азайтады және пайдалануға ыңғайлы. Герметикалық вагон аралық өткелдер құрам ішінде тұрақты микроклиматты сақтауға мүмкіндік беріп, жолаушылардың вагондар арасында еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Вагондар әртүрлі температуралық жағдайларда жұмыс істеуге бейімделген, ал вакуумды әжетханалар пойыз ұзақ уақыт тоқтап тұрған кезде де қызметін жалғастырады. Ақпараттық таблоларда мәліметтер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Ал вагон арбашалары қозғалыстың жұмсақ әрі бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді.
Новые вагоны RWS Wagon начнут курсировать с 17 марта в составе поезда №353/354 сообщением «Нурлы Жол – Семей», обеспечивая пассажирам комфортные условия поездки. Состав поезда включает 9 вагонов: 3 купейных, 5 плацкартных и 1 штабной, рассчитанных на перевозку более 350 пассажиров в одном направлении.

Поезд курсирует через день: отправление со станции Нурлы Жол — в 17:55, со станции Семей — в 16:45.

Ранее на данном маршруте в составе поезда эксплуатировались вагоны 1993 года постройки. В настоящее время подвижной состав обновлён современными вагонами нового поколения.

Вагоны изготовлены с учётом современных мировых требований к дизайну, безопасности, надежности и комфорту. В купе оборудованы эргономичные спальные места, индивидуальные светодиодные светильники, USB-порты и сетевые розетки. Для пассажиров с ограниченными возможностями предусмотрены специальные купе и  места для колясок, а также  кнопка вызова проводника. Срок службы вагонов – до 40 лет.

За последние два года АО «Пассажирские перевозки» закупило 219 вагонов RWS Wagon (ЗИКСТО). Новые вагоны также курсируют по маршрутам «Актобе – Атырау», «Павлодар – Туркестан», «Павлодар – Алматы», «Кызылорда – Семей», «Алматы – Саратов», «Алматы – Оскемен», «Астана – Кокшетау», «Астана – Курорт Боровое», «Караганды – Астана».

Обновление парка является стратегическим направлением для Национального перевозчика в рамках поручения Главы государства. До 2030 года в рамках программы модернизации парк планируется обновить на 100%.

Справочно:
Технические характеристики и возможности. Все вагоны RWS Wagon (ТОО «ЗИКСТО») относятся к новой 45-й серии и оснащены современным оборудованием, обеспечивающим комфорт и безопасность пассажиров во время поездки. Современные вагоны адаптированы для всех категорий пассажиров: маломобильных граждан, семей с детьми, пожилых людей и международных туристов. Беспрепятственный вход позволяет заезжать на инвалидной коляске без посторонней помощи. Для семей, путешествующих с детьми, в санузлах, необорудованных душевой, установлены пеленальные пеленальные столики. WI-FI в вагонах и USB-розетки, расположенные у каждого места, позволят пассажирам оставаться на связи и заряжать электронику для учебы, работы и досуга. Эргономичные поручни у каждой полки, светодиодное освещение в тамбурах и возможность индивидуально регулировать температуру в каждом купе обеспечивают высокий комфорт в поездках. Также предусмотрены индивидуальные сейфы для хранения ценных вещей пассажиров. Внутренние покрытия вагонов выполнены из экологичных гипоаллергенных материалов. Система обеззараживания воздуха снижает риск инфекций. В каждом штабном вагоне оборудованы специализированные купе с увеличенным пространством и санузлом для маломобильных граждан. Сдвижные двери с кнопкой управления между тамбуром и салоном экономят пространство, снижают уровень шума, удобно открываются. Герметичные межвагонные переходы позволяют сохранять постоянный микроклимат и передвигаться по составу. Все вагоны готовы к любым температурным режимам, вакуумные туалеты работают даже на длительных стоянках. Информационные табло дублируют информацию на казахском, русском и английском языках. Вагонные тележки обеспечивают «плавный ход».
👍 31
3
5 3.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram