avatar
ҚТЖ PRESS
@railways_kz
12.03.2026 09:51
Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе, Ақмола және Павлодар облыстарында тас жолдардың уақытша жабылуына орай ҚТЖ жолаушылардың қатынауын қамтамасыз ету үшін теміржол арқылы тасымалдауды ұйымдастырды.

2026 жылғы 10–12 наурыз аралығында 7 пойызға жолаушыларды отырғызу жүргізіліп, барлығы 390 жолаушы жеткізілді.

10 наурыз күні Астана – Павлодар учаскесінде жолаушыларды №353 «Семей – Нұрлы жол» пойызына отырғызу ұйымдастырылды. Павлодар, Екібастұз, Шідерті және Ерейментау станцияларынан Нұрлы жол станциясына дейін 44 жолаушы жеткізілді.

11–12 наурыз күндері Ақтөбе – Атырау учаскесінде жолаушыларды тасымалдау келесі пойыздармен жүзеге асырылды:

№692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы — Ақтөбе станциясынан Қандыағаш, Алға және Бестамақ станцияларына дейін 73 жолаушы тасымалданды.

№109 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы — Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 13 жолаушы жеткізілді.

№110 «Ақтөбе – Маңғыстау» пойызы — Ақтөбе станциясынан Алға және Бестамақ станцияларына дейін 117 жолаушы тасымалданды.

№34 «Ақтөбе – Алматы» пойызы — Ақтөбе станциясынан Алға және Қандыағаш станцияларына дейін 44 жолаушы жеткізілді.

№691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы — Қарауылкелді, Шұбарқұдық, Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 35 жолаушы тасымалданды.

Сондай-ақ, Павлодар – Астана учаскесінде жолаушыларды тасымалдау №139 «Павлодар – Пресногорьковская» пойызымен жүзеге асырылды. Шідерті, Ерейментау, Еркеншілік станцияларынан Астана станциясына дейін 64 жолаушы жеткізілді.

2026 жылғы қысқы маусым басталғалы қолайсыз ауа райына байланысты пойыздармен шамамен 2 мыңға жуық жолаушы жеткізілді.

Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі қозғалыстың ең қауіпсіз түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
➖➖➖
В связи со сложными метеорологическими условиями и временным закрытием автомобильных дорог в Актюбинской, Акмолинской и Павлодарской областях КТЖ организовал перевозку пассажиров поездами для обеспечения транспортной доступности населения.

В период с 10 по 12 марта 2026 года было задействовано 7 пассажирских поездов, которыми перевезено 390 пассажиров.

10 марта на участке Астана – Павлодар была организована посадка пассажиров на поезд №353 сообщением «Семей – Нурлы жол». По станциям Павлодар, Экибастуз, Шидерты и Ерейментау до станции Нурлы жол перевезено 44 пассажира.

11–12 марта на участке Актобе – Атырау перевозка пассажиров осуществлялась следующими поездами:

Поезд №692 «Актобе – Атырау» — от станции Актобе до станций Кандыагаш, Алга и Бестамак перевезено 73 пассажира.

Поезд №109 «Мангистау – Актобе» — по станциям Алга, Бестамак до станции Актобе перевезено 13 пассажиров.

Поезд №110 «Актобе – Мангистау» — от станции Актобе до станций Алга и Бестамак перевезено 117 пассажиров.

Поезд №34 «Актобе – Алматы» — от станции Актобе до станций Алга и Кандыагаш перевезено 44 пассажира.

Поезд №691 «Атырау – Актобе» — по станциям Карауылкелды, Шубаркудык, Алга, Бестамак до станции Актобе перевезено 35 пассажира.

Также на участке Павлодар – Астана перевозка пассажиров осуществлялась поездом №139 «Павлодар –Пресногорьковская».
По станциям Шидерты, Ерейментау, Еркеншилик до станции Астана перевезено 64 пассажира.

С начала зимнего периода 2026 года поездами перевезено около 2 тысяч пассажиров в связи с неблагоприятными погодными условиями.

В сложных погодных условиях железнодорожный транспорт остается одним из самых надежных и безопасных способов передвижения. Национальный перевозчик продолжает принимать необходимые меры для обеспечения безопасности и комфорта пассажиров.
👍 28
3 3.8K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram