Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділ Қазақстан – барлығы үшін және әрқайсысы үшін» бағдарламасын іске асыру шеңберінде елдің теміржол инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жалғасуда.
2023-2029 жылдарға 11 мың шақырым темір жолды жаңарту жоспарланған. Бұл бағдарламаны іске асыру пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін көтеруге, магистральдық желінің өткізу қабілетін арттыруға және көлік саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2023-2025 жылдар қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіш 4 214 километр болған кезде 4 448 шақырым жол жөнделді. Осылайша, жоспар 234 шақырымға асыра орындалды, бұл бағдарламаны іске асырудың тұрақты динамикасын көрсетеді.
2026 жылы 1577 шақырым темір жолды жөндеу жоспарланған. Ағымдағы жылдың өндірістік бағдарламасы еліміздің оңтүстік өңірлерінде бастау алды. Барлық дайындық іс-шаралары белгіленген мерзімде орындалды, бұл жол жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын дәйекті іске асыру Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін нығайтуда және заманауи, сенімді әрі қауіпсіз көлік жүйесін қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады.
➖➖➖
В рамках реализации программы Президента Республики Казахстан «Справедливый Казахстан – для всех и для каждого» продолжается системная модернизация железнодорожной инфраструктуры страны.
На 2023–2029 годы запланировано обновление 11 тысяч километров железнодорожных путей. Реализация данной программы направлена на повышение безопасности движения поездов, увеличение пропускной способности магистральной сети и обеспечение устойчивого развития транспортной отрасли.
По итогам 2023–2025 годов отремонтировано 4 448 километров пути при плановом показателе 4 214 километров. Таким образом, план перевыполнен на 234 километра, что отражает устойчивую динамику реализации программы.
В 2026 году запланирован ремонт 1 577 километров железнодорожного пути. Производственная программа текущего года уже стартовала в южных регионах страны. Все подготовительные мероприятия выполнены в установленные сроки, что позволяет обеспечить своевременное и качественное проведение путевых работ.
Последовательная реализация программы модернизации железнодорожной инфраструктуры является важным шагом в укреплении транзитного потенциала Республики Казахстан и формировании современной, надежной и безопасной транспортной системы.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram