avatar
ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ
@quralaihanum
23.08.2024 12:14
​​25 ЗИЯНДЫ ӘДЕТ ☢️ ❌

1. Проблемаларыңызды жасыру. Сіз оларды елемеген сайын, олар соғұрлым үлкейе түседі.

2. Сіздің өміріңіз бен бақытыңыз басқа адамдарға байланысты деп ойлау.

3. Қателесуден қорқу. Қателіктеріңізді қабылдаңыз. Сабақ алыңыз. Олармен бірге өсіңіз.

4. Жасамай жатып "қолымнан келмейді" деу.

5. Сіз үшін шынымен маңызды нәрселерді елемеу.

6. Басқалардың қажеттіліктерін өз қажеттіліктеріңнен жоғары қою. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз. Өзіңізді жақсы көріңіз. Өзіңізге ең жақсы дос болыңыз.

7. Біреу сияқты болғыңыз келу. Керісінше, өзіңіздің ең жақсы нұсқаңызды жасаңыз.

8. Зейнетке шығуды, үйленуді, бақытты болу үшін арнайы уақытты күту. Күн сайын бақытты болу өнерін үйреніңіз.

9. Сізді шаршататын, негативке кіргізетін адамдармен уақыт өткізу.

10. Самооценкаңызды басқалардың пікіріне тәуелді ету. Оның қандай болуы керектігін тек сіз шешесіз.

11. Біреудің арманын жүзеге асыру үшін жұмыс істеу. Сіздің ӨЗ мақсаттарыңыз болу керек, бұл әлдеқайда маңызды.

12. Басқаларды қызғану, көре алмау.

13. Өзгере алмайтыныңызға сену.

14. Комплименттерді қабылдай алмау және тек сынды ғана қабылдау. Осы
Екеуінің әдемі балансын табуға тырысыңыз.

15. Сіз қаламайтын нәрсе туралы үнемі ойлану. Оның орнына сіз шынымен не қалайтыныңыз туралы ойланыңыз.

16. Жұмысты орындау кезінде қателіктерден қорқу.

17. Өзіңізді басқа адамдармен салыстыру. Сіз олар емессіз!

18. Өзгерте алмайтын нәрселер туралы алаңдауға энергия жұмсау.

19. Басқа адамдардың пікірі сіздікінен маңыздырақ екеніне сену.

20. Сізге ұнайтын нәрселерге уақыт жоқ деп ойлау. Сіз шынымен маңызды нәрселерге уақыт таба аласыз.

21. Тек ерекше жағдайларда ғана қуану.

22. Әрбір қателік пен сәтсіздік үшін өзіңізді "жеу". Сіз періште емес, адамсыз.

23. Ең жеңіл жолды таңдау. Егер бұл сіздің мақсаттарыңыз бен құндылықтарыңызға сәйкес келмесе, бұл сіздің жолыңыз емес.

24. Барлық сәтсіздіктеріңіз бен бақытсыздықтарыңыз үшін басқаларды кінәлау.

25. Сәтсіздікке ұшыраудан қорқып, арманыңыздан бас тарту.


Бұл тізімге тағы не қосар едіңіз?

Құралай ханым
73
👍 53
🥰 10
😁 1
🤔 1
🫡 1
3 60 16.5K

Обсуждение 3

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

24.9K
📌90000 әйелдің өмірін өзгерткен Қазақ ханымы

Instagram*: 👉🏻 https://instagram*.com/quralai_hanum

YouTube каналым:
https://youtube.com/@quralaihanum

Жарнама: @YerekentiKZ
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram