"Бақыт деген - жүректің тыныштығы" деп жатамыз.
Ал жүрек қай кезде тыныштық табады?
��Алланы жиі еске алғанда,
��біреуге жақсылық жасап, қуантқан кезде,
�� қолыңызда бар нәрсені өзгелермен бөліскенде.
Енді айналаңызға қарап көріңізші...
Бір ауыз жылы сөзге, біреудің жылы қабағына мұқтаж болып жүргендер көп, солай ма?
Әр үйде өмірдің тауқіметін тартып, көз жасын төккен жан бар. Қиыншылыққа төзіп, сабырмен күн кешіп жатқандар да жоқ емес.
Ендеше, көшеде, қоғамдық көлікте, кез келген ортада жаны жабырқаған жанды көрсеңіз, қолыңыздан келгенше жұбатуға тырыссаңыз;
Бір үзім нанға мұқтаж жанға қолыңызда бар азықты бөліп берсеңіз;
Мейірімге мұқтаж жандарды жылы сөздеріңізбен баурасаңыз;
Киерге киімі жоқ жандарға өзіңізден артылған киімдеріңізді берсеңіз;
Айналаңызға жақсылық жасауға тырыссаңыз, міне, сонда нағыз бақыттың дәмін татасыз.
Себебі, ниетіңіз бен пейіліңіз түзелген сайын Алла халіңізді жақсартады. Өзгеге жақсылық ойлаған сайын Алла сізге ойламаған уақытта, ойламаған жерден жақсылықты үйіп-төгіп бере салады.
Біреу арықтай алмай жүрсе, біреу тола алмай жүр.
Біреу баласын үйлендіре алмай жүрсе, біреу келінін жақтырмай жүр.
Біреу жұмыс таба алмай жүрсе, біреу жұмысынан шаршап жүр.
Біреудің сәби сүюге денсаулығы болмай жүрсе, біреу "көп балалымын" деп асырауға көмек сұрап жүр.
Біреу өмірлік серігін таппай жүрсе, біреу ажырасқысы келіп жүр.
Біреу жалғызсырап, бауыр таба алмай жүрсе, біреу туғандарынан қашып жүр.
Біреу ақша төлеп білім алып жүрсе, біреу тегін сабағына бармай жүр.
Біреу үлкен үйде тұрып, бақыттың кілтін таппай жүрсе, біреулер пәтер жалдап тұрып-ақ бақытты өмір сүріп жатыр.
Әркімде әртүрлі бақыт бар! Сол бақты барында бағаласақ қана бақытты боламыз.
Құралай ханым
Обсуждение 23
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram