��Мына кеңістік сіздің қазіргі әрекеттеріңіздің вибрацияларын сіздің болашағыңызда көрсетеді. Яғни, қазіргі ойыңызбен, ісіңізбен сіз болашағыңыздың іргесін қалап жатырсыз.
✨ Шынайы бол! Сіздің өтірігіңізді басқа адамдардан жасыру мүмкін шығар, бірақ, кеңістіктен емес. Ол сізге өтірік айтатын адамдарды айналдырып әкеле беретін болады.
�� Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз! Дені саудың жаны сау. Тек таза ақыл-ой мен таза денеде ғана ғаламмен толық байланыс орнайды.
�� Жанында жүрсеңіз, сізге кері әсер ететін адамдар бар. Бұл олардың жаман екенін білдірмейді. Бұл олардың жанында болу сізді құртады дегенді білдіреді. Ондай адамдардан аулақ жүруге тырысыңыз.
�� Жанында жүрсеңіз энергияңыз көтерілетін және өмірге құлшынысыңыз артатын адамдар бар. Ондай адамдармен көбірек уақыт өткізуге, олардың энергиясын жұқтыруға тырысыңыз.
Бар болыңыз, қазір тірі екеніңізді түсініп, сол үшін шүкір деңіз. Сіз тірісіз, демек, бәрі де мүмкін. ❤️
Құралай ханым
Обсуждение 12
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram