СЕНІҢ ІШІҢДЕГІ АҚ ЖАУЫНГЕРІҢ ЖӘНЕ ҚАРА ЖАУЫНГЕРІҢ ��
Көп адамның қателестін жері - олар өзінің жаман жақтарын, өзіне ұнамайтын қасиеттерін жасырады. Мойындамайды. "Жооқ, мен жалқау емеспін. Мен тамақты көп жемеймін. Мен өсек айтпаймын" т.б.
Кемшіліктеріңді, жаман қасиеттеріңді мойындамау арқылы сен өзіңмен өзің соғысып жатырсың. ⚔️Тіпті, қазір жаныңда тыныштық болса да, бұл апат алдындағы тыныштық.
Жаныңның жақсы да, жаман жақтарын қабылдағанда ғана сен гармонияға жетесің.
Сенің ішінде сондай көп адам бар: біреуі ішіп кеткісі келеді, біреуі билегісі, үшіншісі жәй ғана тыныштықта өмір сүргісі келеді. Сен осы адамдардың қайсысына шығуға рұқсат бересің? Көпшілікке жағатын, көпшіліктің ойына сай келетініне ғой, мойындашы? ��
Өзіңдегі жаман қасиеттеріңді мойындамау арқылы сен ішіңдегі жақсы қасиеттерді де өлтіресің. Бірақ, мынаны түсінші: жаман, жақсы деген жоқ. Барлығы бір тұтас! Барлығы сенің болмысыңды құрап тұр! Оларды "жақсы", "жаман" деп бөліп алған өзің.
Бір нәрсе үйрену үшін, сен алдымен оны білмейтініңді мойындауың керек!
Сүюді үйрену үшін, бірінші сенде махаббат жоқ екенін, жақсы көре алмайтыныңды мойындауың керек!
Арықтау үшін, сен семіріп алғаныңды мойындауың керек!
Ішіңдегі ақ және қара жауынгеріңді толығымен қабылда. Сол кезде ғана кім екенің туралы түсінік келеді. Тыныштықтан қорықпа - тыныштықтан өзің туралы шындықты естуді үйрен.
Құралай ханым
Обсуждение 10
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram