ЭМОЦИОНАЛДЫ, МАТЕРИАЛДЫ, РУХАНИ ҚАРЫЗДАРДАН АРЫЛУ ��️
Әрбір адамның қарыздары болады. Олар миымызда салбырап, энергиямызды алады, дамуды тежейді және ең соңғы этап - денсаулыққа әсер етеді.
Материалды қарыздар -сіз бірдеңе жасай бастадыңыз, бірақ аяқтамадыңыз. Үйдегі бардак, қол сөмкедегі мусор, жұмыс орнындағы шашыраңқы заттар, қажетсіз заттар, киілмейтін киімдер.
Эмоционалды қарыздар - ашуыңыз келді, бірақ, сіз оны басып тастадыңыз, ол ішіңізде қалып қалды. Біреуге ренжідіңіз, реніш ішіңізде тұр. Адамдар ашуланады, ашуды басады, шығармайды. Ол іште тола береді, тола береді.
Ақыл-ой қарыздары - біреуге уәде бердіңіз, орындамадыңыз. Ойыңызға бірдеңе келді, жасағыңыз келді, бірақ, жасамадыңыз. Қарыз.
Рухани қарыздар - біреу сізге жақсылық жасады, сіз алғыс айтпадыңыз. Тіпті дөрекілік, қиындық үшін де алғыс айту керек, бұл сіз үшін сабақ.
Қарыздар сізді өткеннен шығармайды. Сіздің үйіңіздегі барлық жер артық нәрселермен толып тұрған кезде, сіздің өміріңізде жаңа нәрсе пайда болатын орын жоқ. Қарыздардан құтылу сізге алға жылжуға мүмкіндік береді. Өміріңізге жаңашылдық келгенін қаласаңыз, өзіңізді өткеннің шырмауынан босатуыңыз керек. ☝��
Құралай ханым
Обсуждение 9
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram