Бақыт пен тыныш өмірді даладан іздеудің керегі жоқ. Олар біздің айналамызда.
Қателік – бізден. Біз өзіміздің кемшіліктерімізді түзесек, сын пікірден аулақ болсақ тыныштықта жүреміз.
Бақытты болу үшін тағы не істеу қажет?
1. Бәрін бақылауды доғарыңыз ��
Айналаңызда болып жатқан оқиғалардың барлығын бақылаудан тыйылыңыз. Мейлі, олар сіздің туысыңыз, бауырыңыз, әріптесіңіз, көшедегі бейтаныс адам болсын. Оларға өз болмысымен күн кешуге мүмкіндік беріңіз. Өзгеге ұнай алмағаны үшін ешкім де кінәлі емес.
2. Өзгеге кінә артудан арылыңыз
Сізде жоқ нәрсе үшін, сіздегі сезімдер үшін өзгені айыптамаңыз. Энергияңызды мұндай әурелікке жұмсамастан, өміріңізге деген жауапкершілікті мойныңызға алғаныңыз жөн.
3. Негатив ойларға орын жоқ!
Негативті ойлары мен эмоцияларына өмірін басқаруға мүмкіндік беру арқылы қаншама адам өздеріне зиянын тигізіп жатыр. Сіз мықтысыз және ұлы істер жасауға қабілетіңіз бар.
4. Шағым айтуды доғарыңыз ��
Сізді бақытсыз, мұңды ететін адамдарға, жағдайларға, жаңалықтарға шағым айту әдетіңізде бар ма? Дереу ес жиыңыз! Ешкімнің де сізді бақытсыз етуге қақысы жоқ, ешбір жағдай сіздің көңіл-күйіңізді басқара алмайды. Теріс сезімдерді тудыратын да жаңалықтар емес.
5. Сыннан бас тартыңыз
Сізден өзгешеленетін адамдар мен сіз күтпеген оқиғаларды сынауды қойыңыз. Адамдардың бәрі әртүрлі және бәріне бірдей ұнай бермейді.
6. Өзгеге жағуды тоқтатыңыз
Шын мәніндегі бейнеңізді жоғалтып, өзгелер үшін екіжүзді болуды қойыңыз. Маскаңызды шешіңіз және шынайы «меніңізді» жақсы көріңіз.
7. Өзгерістерге қарсы тұруды доғарыңыз
Өзгерістер – бұл қалыпты, олар А бекетінен Б бекетіне жету үшін ауадай қажет. Өзгерістер сіздің, біздің және айналамыздағылардың өмірін өзгертуге септігін тигізеді және бақытты ете алады.
8. Өткенді жіберіңіз
Білеміз, бұл қиын. Әсіресе, өткен қазіргіден де ұнайтын, ал болашақ күңгірт болғанда таңдау жасау оңай емес. Алайда, осы шақ – сіздің барыңыз. Осы фактіні қабылдаңыз.
Құралай ханым
Обсуждение 5
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram