ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ 10 ПРИНЦИПІ ����
1.Өз-өзіңе, пайдалы іске инвестиция жасау ��
Күнделікті өзіңмен жұмыс жасау. Мінезіңнің теріс жақтарын, әлсіз жақтарын өзгерту әркімнің өз қолында. Және де кез-келген жерден тапқан табысыңды пайда түседі-ау деген жерге салу, яғни кірісті реинвестициялау.
2.«Жоқ» деп айтып үйреніңіз!
Сіз «Жоқ» деп айтпасаңыз өзіңіздің уақытыңызды толық игере де, жұмыс істей де алмайсыз.
3.Өзгеге ұқсаудан аулақ болыңыз ‼️
Ешқашан өзгелердің пікіріне сүйеніп шешім қабылдамаңыз. Және де адам өзін басқалармен емес, өзімен ғана салыстыруы керек.
4.Тез әрі жан-жақты ойланып шешім қабылдаңыз ��
Ұзақ ойланып уақыт созғанша жылдам мәселені талдап сізге пайдалы жақтарын, атап айтқанда «маған бұл істен пайда қандай?» және «бұл жобадан қанша кіріс табам» деген секілді сұрақтар ғана сізді мазалауы қажет.
5. Алдын-ала келісім жүргізіңіз ��
Кез-келген жұмысты бастамас бұрын төлемі жайлы, қаражат мәселесін, міндеттемелір туралы келіскеніңіз абзал, әйтпесе сізді алдап соғу қаупі бар.
6.Өз қаражатыңызға өмір сүріңіз ��
Ешкімнен қарыз алмаған абзал. Әсіресе, кредит әлі ешкімді байытқан емес. Кез-келген жұмысты, жобаны өз қаражатыңыздан бастаған дұрыс.
7. Әрдайым бірбеткей болу
Тіпті, аз қаражат болса да, айтқанынан қайтпайтын бірбейткелік, талпыныс үлкен нәтиже берері сөзсіз.
8. Дер кезінде ойыннан шыға білу
Сізге пайдасыз жұмыспен, артқа сүйрейтін жағдайлармен, энергияңызды алатын адамдармен қоштасу керек.
9. Тәуекелге бару, я бармау жағдайларын бағалай біліңіз. Жан-жақта болып жатқан нәрселерге мұқият көңіл бөліңіз, көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік бар.
10. Сіз үшін «жетістік» деген не?
Соны ойланыңыз. Ешқашан жетістігіңізді ақшамен бағаламаңыз. Жетістікке жету- көп адамның сені сыйлауы мен бағалауы, құрметтеуі. Солардың сенімі мен махаббатына ие болу. Қаншалықты адамдардың сеніміне ие болсаңыз, соншалықты жетістікке жетесіз.
Ал сіз жетістікке жету үшін не істеп жүрсіз? ��
Обсуждение 3
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram