ИНТУИЦИЯНЫ ДАМЫТУДЫҢ 5 ЖОЛЫ ��
1. Газеттегі фотосуреттерді қараңыз
Тақырыптарды немесе мақаланың өзін оқымай-ақ, алдымен фотосуретке қарап, мақалада не жазылғанын табуға тырысыңыз. Содан кейін мақаланың өзін оқып, салыстырыңыз. Неғұрлым көп жаттығу жасасаңыз, фотосуреттен нақты оқиғаны айту оңайырақ болады.
2. Кім қоңырау шалып жатқанын табыңыз
Телефон шырылдаған сайын, телефон тұтқасын көтермес бұрын сізге кім қоңырау шалып жатқанын білуге тырысыңыз. Уақыт өте келе сіз қаншалықты оңай әрі жиі дұрыс табатыныңызға таң қаласыз.
3. Жақын адамыңыз немесе танысыңыз туралы ойлаңыз
Сіз оның бейнесін ойыңызда нақты көрсетуіңіз керек. Ол адам сізге хабарласу үшін қанша уақыт кететініне назар аударыңыз. Нәтижені жазыңыз.
4.Айналаңыздағы нәрселерге назар аударыңыз, олар белгілер болуы мүмкін.
Бұл сіздің телефоныңыздағы хабарламалар, билбордтағы жазулар және сіз үшін хабарлама ретінде қарастырылуы мүмкін басқа да нәрселер. Бұл әлемде ештеңе де кездейсоқ емес. Сіз көрген, оқыған, естіген барлық нәрсе сізге қажет. Сіздің ойыңыздағы сұрақтың жауабын білу үшін айналаңыздағы белгілерге мән беріп жүріңіз.
5.Менің Ютуб каналыма кіріп, кез-келген видеомды ашыңыз. Ол видеодағы ақпарат, сөздер қазіргі уақытта сіздің өміріңізде болып жатқан оқиғаларға қатысты қаншалықты маңызды екеніне таң қаласыз. Осы әдісті жиі қолданып тұрыңыз. ��
Құралай ханым
Обсуждение 2
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram