ӨМІРДІҢ 3 ЗАҢЫ ✨
1. Біздің ойымыз = біздің өміріміз ��
Қазіргі болмысыңыз, ақшаңыз, жалпы, өміріңіз -бұл ойларыңыздың нәтижесі. Будда: "Сіздің санаңыз – бұл барыңыз. Сіз өзіңіз күн сайын ойлайтын нәрсеге айналасыз" деген. Дұрыс өмір сүру үшін миыңызды "дұрыс" ойлармен толтыру керек. Сіздің ойлауыңыз әрекеттерге алып келеді; сіздің әрекеттеріңіз нәтижеге алып келеді. Дұрыс ойлау, позитивті ойлау қалағанның бәрін береді; дұрыс емес, негатив ойлау - бұл сізді ақыр соңында құртып тынатын алпауыт күш.
2. Аз-аздан бастау - қалыпты ��
Әрбір миллионер, әрбір шебер, әрбір чемпион басында жәй ғана сол нәрсеге қызығатын адам болған. Жетістікке бір күнде жету мүмкін емес. Жетістікке күн сайын үздіксіз әрекет ететін жандар ғана жетеді. Бастысы, тоқтамау! ��
3. КЕШІРУ ��
Ашу-ыза, өкпе - реніш ішіңізде тола болса, басқалар емес, сіз қиналасыз. Өкпе-реніштің түрмесінде отырғандарды босатқанда, сіз өзіңізді де осы түрмеден босатасыз. Кешіруді үйреніңіз. Кешіруді тезірек үйреніңіз. Алла кешірімді құлдарын сүйеді.
Құралай ханым
Обсуждение 10
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram