avatar
ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ
@quralaihanum
01.06.2024 15:27
1️⃣ Бала тәрбиесіндегі менің ұстанымым:
"Баланы емес- өзіңді тәрбиелеу!".

Балаға біз - Идеалмыз, Құдаймыз, Бәрі-міз! Олар бізден барлығын көшіреді.
Өзің темекіні будақтатып отырып: "балам, темекі тартпа, зиян"-деп айту күлкілі. Өсекті өкіртіп отырып: "Қызым, өсек айтпа!"-деу біртүрлі.
Неше түрлі мықтылардан әлсіз балалар шығып жатады, олар неге ата-анасын көшірмепті дерсіз?!
Ол жағдайды махаббат, внимание жетіспеушілігінен көрем. Олар өз карьерасын, шығармашылығын, өсуін көп ойлап, баланы екінші, бесінші планға қойғандар шығар мүмкін.
Ал сені мен мен ондай мықты болмағандықтан, мықтыларды тәрбиелеуіміз қажет.

2️⃣ "Ұлыңды бөтен үйден тойдырма! Қызыңды бөтен үйге қондырма!"- бұл менің екінші қағидам! Қазақтың осы мақалы бүкіл әлемдік детский псиxологияның жартысын қамтып жатқандай!

Бала-тоқ болу керек! Өз үйінде бәрін жеп, жемесе де ауыз тиіп көруі керек! Түк көрмегендікті де қазақ ең жаман қасиет деп балайды!
Бандит те, ұры да, баскесер де - АШ адамнан шығады. Бала тоқ болса, біреудікіне қызықпайды.

Бұл менің бала тәрбиесінде ұстанатын бірнеше ғана ұстанымым. ����

Ал сіз балаңызды қандай әдістермен тәрбиелеп жатырсыз?
👍 84
40
🥰 2
👏 1
5 27 11K

Обсуждение 5

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

24.9K
📌90000 әйелдің өмірін өзгерткен Қазақ ханымы

Instagram*: 👉🏻 https://instagram*.com/quralai_hanum

YouTube каналым:
https://youtube.com/@quralaihanum

Жарнама: @YerekentiKZ
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram