avatar
QAZSPORTTV
@qazsporttv
10.04.2026 17:43
Теннисші Зарина Дияс мансабын аяқтады

�� Бұл туралы қазақстандық спортшы әлеуметтік желісіне жариялады.

«Бүгін мен өмірімдегі ең маңызды кезеңдердің бірін аяқтап отырмын — кәсіби теннис мансабымды ресми түрде аяқтаймын.
Бұл — керемет әрі ұмытылмас жол болды. Алматыдан шыққан кішкентай қыздың бала күнгі арманы — әлемдік ареналарда ойнау, ірі турнирлерде жеңіске жету, әлемнің үздік теннисшілерінің қатарына қосылу еді.
Бүгінде сол арманымның шындыққа айналғанына әлі де сене алар емеспін. Турнирлердегі жеңістер, әлемдік рейтингтің ТОП-30 қатарына ену және Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына қатысу — мен үшін үлкен жетістік әрі баға жетпес тәжірибе.
Мен ұлттық құрама сапында өнер көрсеткенімді ерекше мақтан тұтамын. Әрбір матчта кортқа елім үшін шығып, Қазақстанды әлемдік аренада таныстыру — мен үшін зор құрмет болды». - деді Зарина Дияс.
37
👏 9
👍 5
🔥 1
5 1 3.4K

Обсуждение 5

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

QAZSPORTTV

36.8K
qazsporttv.kz
Открыть в Telegram