avatar
QAZSPORTTV
@qazsporttv
07.04.2026 14:15
Қазақстан Ұлттық Банкі FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады

Реверсінде Канада, АҚШ және Мексика жалаулары, жер шары мен «FIFA WORLD CUP 26 TM» жазуы, FIFA Әлем кубогы және футбол добының жанындағы футболшылар бейнесі бейнеленген.

�� Монета 925 сынамалы күмістен, алтын жалатылған, түрлі түсті баспа технологиясы қолданылған. Салмағы – 20 г, диаметрі – 37 мм, сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге. Таралымы – 2000 дана (Қазақстанға 1500, сыртқы нарыққа 500 дана).

�� Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
👍 21
9
👨‍💻 3
5 3.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

QAZSPORTTV

36.8K
qazsporttv.kz
Открыть в Telegram