avatar
Vietjet Qazaqstan
@qazaqair
21.05.2026 07:15
VIETJET QAZAQSTAN Балқаш пен Алакөлге жаңа рейстерді іске қосты

Ішкі туризмді дамыту аясында VIETJET QAZAQSTAN Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен Астанадағы базалық әуежайдан Балқаш, Үржар және Үшарал бағыттарына маусымдық субсидияланатын рейстердің іске қосылғанын хабарлайды.

Әуе рейстері келесі кесте бойынша орындалады:

· Астана – Балқаш – Астана
1 маусым мен 14 маусым аралығында және 17 тамыз бен 31 тамыз аралығында рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады,
15 маусым мен 16 тамыз аралығында — күн сайын.

Әуе билетінің құны — бір бағытқа 16 000 теңге.

· Астана – Үржар – Астана
Рейстер аптасына үш рет — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

Әуе билетінің құны — бір бағытқа 18 000 теңге.

· Астана – Үшарал – Астана
Рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндеріне жоспарланған.

Әуе билетінің құны — бір бағытқа 20 000 теңге.

Билеттерді әуе компаниясының ресми сайты vietjetqazaqstan.kz арқылы, авиакассалардан және серіктес агенттіктерден брондауға болады.

Анықтама үшін:
«QAZAQ AIR» АҚ Vietjet Qazaqstan сауда белгісімен қызмет атқарады және 2018 жылдан бастап IOSA халықаралық өндірістік қауіпсіздік стандарты бойынша сертификатталған. Әуе компаниясы Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында орналасқан және хабтық маршруттық желіні жүзеге асырады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Vietjet Qazaqstan рейстердің уақытылы орындалуы бойынша 84% көрсеткішке қол жеткізді.
🔥 1
126

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram