avatar
Vietjet Qazaqstan
@qazaqair
05.05.2026 16:28
Астана әуежайындағы шектеулердің жоспардан тыс ұзартылуына байланысты рейстердегі өзгерістер туралы

VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясы 2026 жылғы 5 мамырда Астана әуежайында енгізілген шектеулердің жоспардан тыс ұзартылуына байланысты рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Әуежайдағы жөндеу жұмыстарына байланысты 10:00-ден 18:00-ге дейін рейстерге қызмет көрсетілмейді.
2026 жылғы 5 мамырдан бастап шектеу уақыты 20:00-ге дейін ұзартылды.

Аталған шектеулерге байланысты жекелеген рейстердің ұшу уақыты қайта қарастырылуда. Сонымен қатар рейстер кешігіп, немесе тоқтатылуы мүмкін.

Өзгеріс енгізілген рейстердің жолаушыларына броньдау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы қосымша хабарлама беріледі.

Жолаушыларға Астанаға және Астанадан жоспарланған сапарлар бойынша рейстің орындалу жағдайын алдын ала тексеру ұсынылады.

Әуе компаниясы орын алған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.
338

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram