Авиацияны дамыту жолындағы стратегиялық серіктестік
🗓️ 2026 жылғы 12 наурызда Астана қаласында VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясы және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Келісімнің негізгі мақсаты:
• авиация саласын дамыту
• көлік қолжетімділігін арттыру
• Астананың өңірдегі негізгі авиациялық хаб ретіндегі рөлін нығайту
Тараптар ыңғайлы транзиттік байланыстары бар маршруттық желіні бірлесіп дамыту, әуежай инфрақұрылымын жаңғырту және жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне жағдай жасау бағытында жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Астана әуежайы базасында
Аэротрополис жобасын дамытуға ерекше назар аударылады.
✈️ Жаңа серіктестік авиация саласының дамуына және Астана қаласының өңірдегі авиациялық орталық ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді.
Толығырақ — сілтеме арқылы
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram