Астанадан Бішкекке тікелей халықаралық бағыт бойынша алғашқы жолаушылар рейсі ұшты
🗓️ 10 қараша күні
VIETJET QAZAQSTAN (QAZAQ AIR) авиакомпаниясы
Астана — Бішкек бағыты бойынша алғашқы тікелей халықаралық рейсті іске қосты.
Салтанатты шара Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында өтті. Іс-шараға Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы Юсуф Альжавдер, QAZAQ AIR Басқарма Төрағасы Адилбек Умралиев, серіктестер және алғашқы жолаушылар қатысты.
✈️ Бағыттың ашылуы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы әуе қатынасын нығайтып, іскерлік және туристік сапарларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Тікелей рейс Орталық Азияның екі астанасы арасындағы қатынасты бұрынғыдан да қолайлы және жылдам етеді.
«Астана – Бішкек бағытының ашылуы – екі ел арасындағы байланысты нығайтатын маңызды қадам. Тікелей әуе қатынасы сапар уақытын қысқартады, туризмді, іскерлік ынтымақтастықты және мәдени алмасуды дамытуға серпін береді», – деді Басқарма Төрағасы Адилбек Умралиев.
Алғашқы рейс жолаушыларына серіктестер тарапынан сыйлықтар табысталды, сондай-ақ авиабилеттер ұтысы ұйымдастырылды.
📌
Астана – Бішкек – Астана рейстері
аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.
Билеттер
https://vietjetqazaqstan.kz/ сайтында, әуе компаниясының сату кеңселерінде және серіктес агенттіктерде қолжетімді.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram