«QAZAQ AIR» (VIETJET QAZAQSTAN) әуекомпаниясы 2025 жылғы 20 қазанда Астана – Новосібір бағытындағы рейсті орындау кезінде әуе кемесінің бортында орын алған оқиға туралы хабарлайды.
Ұшу барысында алкогольдік ішімдік қабылдаған жолаушы қосымша алкогольдік сусын сатуға шектеу қойған бортсеріктерге шабуыл жасаған.
Ұшақ Новосібір қаласының әуежайына қонған соң, деструктивті жолаушы құқық қорғау органдарына заңнамада белгіленген тәртіппен тапсырылды. Қазақстан Республикасының «Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі туралы» заңының талаптарына сәйкес, борттағы тәртіп ережелерін бұзған және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірген жолаушылар әуекомпанияның әуе тасымалына шектеу қойылған тұлғалар тізіміне енгізілуі мүмкін.
Сонымен қатар, экипаж мүшелеріне шабуыл жасау немесе ұшуқауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзге де әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген, оның ішінде бостандықты шектеу жазасы да қарастырылған.
Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі — «QAZAQ AIR» (VIETJET QAZAQSTAN) әуекомпаниясының басты басымдығы болып табылады. Әуекомпания осындай оқиғалардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайды.
1 336
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram