✈️
QAZAQ AIR (VIETJET QAZAQSTAN) инклюзивті UNI FootballLeague республикалық турнирін қолдады
⚽️ 2025 жылғы 12 қазанда «Астана Арена» стадионында UNIFootball League жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған алғашқы республикалық инклюзивті футбол турнирі өтті.
Оған Қазақстанның 10 қаласынан 95 қатысушы қатысты. Жобаның серіктестері мен әлеуметтік қолдаушыларының бірі
QAZAQ AIR (VIETJET QAZAQSTAN) әуе компаниясы болды.
Компания қатысушылар мен жаттықтырушыларға жеңілдетілген әуе билеттерін ұсынып, қайырымдылық қорының бастамасын қолдады.
«Біздің мақсатымыз – әр балаға, оның денсаулығының ерекшеліктеріне қарамастан, саяхат пен спортты қолжетімді ету.
Осындай жобаларды қолдау арқылы біз тек жолаушыларды байланыстырып қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз», — деді әуе компаниясының Басқарма Төрағасы Адилбек Умралиев.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram