avatar
Vietjet Qazaqstan
@qazaqair
08.09.2025 04:30
QAZAQ AIR әуе компаниясы субсидияланатын рейстерге әуе билеттерін сатуды бастады

🗓️
2025 жылдың 1 қарашасынан 31 желтоқсанға дейін QAZAQ AIR(Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша субсидияланатын әуе рейстерін орындауды жалғастырады.

Осылайша Қазақстан тұрғындары мен қонақтары ел ішінде қолжетімді тарифтер мен сапар шегу мүмкіндігіне ие болады.

Субсидияланатын рейстердің бағыттары:

• Астана – Петропавл – Астана (аптасына 6 рет)

• Жезқазған – Қарағанды – Жезқазған (аптасына 4 рет)

• Шымкент – Жезқазған – Шымкент (аптасына 3 рет)

• Қостанай – Түркістан – Қостанай (аптасына 2 рет)

• Алматы – Көкшетау – Алматы (аптасына 3 рет)

• Түркістан – Қарағанды – Түркістан (аптасына 2 рет).

📌14 жасқа дейінгі балалар үшін 50% жеңілдік қолданылады. Әуе билеттерінің құнына салмағы 7 кг дейін бір орын қол жүгін және 20 кг дейінгі багаж кіреді. Билетті қайтару және ұшу күнін өзгерту айыппұлсыз жүзеге асырылады.

Билеттерді ресми сайттан www.flyqazaq.com және әуе компаниясының сату кеңселерінен брондап, сатып алуға болады.

«Біздің мақсатымыз — Қазақстан аймақтары арасындағы әуе қатынасын қолжетімді әрі ыңғайлы ету. Біз жолаушыларға еліміздің маңызды қалаларын байланыстыратын субсидияланатын рейстерді ұсынуға қуаныштымыз», — деп атап өтті әуе компанияда.
1 349

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram