avatar
Vietjet Qazaqstan
@qazaqair
22.08.2025 10:28
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының (Астана қ.) уақытша жабылуы туралы

«QAZAQ AIR» АҚ (Vietjet Qazaqstan) жолаушыларды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының (Астана қ.) ұшуларға уақытша жабылатыны туралы хабардар етеді.

Бұл шектеулер әуежайда техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты енгізілуде.

Әуежайдың уақытша жабылу кезеңдері (күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін):

• 2025 жылғы 1–4 қыркүйек аралығы (қоса алғанда);
• 2025 жылғы 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін.

✈️ Әуекомпания алдын ала рейстер кестесіне өзгерістер енгізді. Жаңартылған кесте flyqazaq.com сайтында және серіктес агенттіктерде қолжетімді. Өзгерістер әсер еткен барлық жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы қосымша хабарлама жіберілді.

❗️Жолаушыларға аталған кезеңде Астанаға немесе Астанадан сапар жоспарлаған кезде рейс уақытын мұқият тексеруді және QAZAQ AIR-дің ресми ақпараттық арналарынан жаңалықтарды қадағалауды ұсынамыз.

Әуекомпания уақытша шектеу кезеңінде жолаушыларға барынша қолайлы және дер кезінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін әуежай қызметтерімен тығыз ынтымақтастықта жұмысын жалғастыруда.
1 349

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
Открыть в Telegram