avatar
Vietjet Qazaqstan
@qazaqair
11.07.2025 07:10
VietJet Qazaqstan (QAZAQ AIR) жаңартылған тарифтік жүйені енгізді

✈️
VietJet Qazaqstan (QAZAQ AIR) тарифтік саясатын жаңартып, жолаушының нақты қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа тәсілді іске қосуда.
Енді билет бағасы мен тасымалдау шарттары әртүрлі жолаушылар санатының сұранысына барынша сай болмақ – іскерлік сапарлардан бастап, отбасылық демалысқа дейін.

🔹Жаңартулардың негізгі бағыты — қол жүгінің нормасын арттыру және билетті ауыстыру шарттарын қолайлы ету.

«Жолаушылардың қажеттіліктері өзгеруде, біз де осы өзгерістерге бейімделеміз. Қазір әр адамның қалауы маңызды: біреу тек бір күнге жолға шығып, жүксіз саяхаттаса, басқаларға жайлылық пен икемділік қажет. Біз әр жолаушы өзіне лайықты өнімді таңдай алатындай жағдай жасағымыз келеді», – деп атап өтті әуе компанияда.

Негізгі өзгерістер:

1. Қол жүгінің нормаларын арттыру
Жолаушылардан түскен көпшілік сұранысқа байланысты компания қол жүгіне қойылатын талаптарды қайта қарап, заманауи саяхатшылардың қажеттіліктеріне сәйкестендірді:

«Жеңіл» және «Оптималды» тарифтер
Бұрын: 1 орын, 5 кг-ға дейін, өлшемі 40×25×20 см
Қазір: 1 орын, 7 кг-ға дейін, өлшемі 56×36×23 см

«Комфорт» тарифі
Бұрын: 1 орын, 5 кг-ға дейін, өлшемі 40×25×20 см
Қазір: 1 орын, 10 кг-ға дейін, өлшемі 56×36×23 см

2. Билетті ауыстыру шарттарының икемділігі

«Жеңіл» тарифі енді рейс күнін қосымша төлеммен өзгертуге мүмкіндік береді

«Оптималды» тарифі — айыппұлсыз ауыстыру мүмкіндігі, тек тариф айырмашылығы төленеді.

«Әр жолаушының сапары – әртүрлі мақсат, міндет және басымдық. Біз жай ғана ережелерді өзгертіп отырған жоқпыз – біз ыңғайлылық пен еркін таңдау қағидатына негізделген тиімді жүйеге өтудеміз», – деп атап өтті компания.

VietJet Qazaqstan (QAZAQ AIR) қолайлы өнімдерді одан әрі дамытуды, қызмет сапасын арттыруды және әр рейс жолаушы үшін жеңіл әрі жайлы болуын қамтамасыз етеді.
📍Жаңа тарифтік саясат туралы толығырақ ақпарат flyqazaq.com ресми сайтында.
 
373

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram