avatar
Vietjet Qazaqstan
@qazaqair
12.06.2025 05:05
Ресей Федерациясына ұшатын жолаушылардың назарына 🇷🇺

2025 жылғы 30 маусымнан бастап Ресей Федерациясына шетел азаматтарының, оның ішінде Қазақстан азаматтарының кіру тәртібі өзгереді

🔹 Биометриялық деректерді (саусақ іздері мен бет бейнесін түсіру) жинау барлық шекаралық бақылау пункттерінде міндетті болады.

🔹 Екі ел арасында визасыз режим болғанымен, шетел азаматтары Ресейге кіру үшін алдын ала тіркеліп, ЕСИА жүйесінде өтініш беруі, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы кіру ниеті туралы хабарлауы қажет.

📌 Бұл өзгерістер Ресей Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №1510 қаулысына сәйкес, кіру мен шығу үдерістерін жетілдіруге бағытталған пилоттық жобаның екінші кезеңі аясында енгізіледі.

‼️ Назар аударыңыз:

• Биометриялық рәсімдер мен тіркеуден уақытылы өту үшін әуежайға кемінде 3 сағат бұрын келу ұсынылады.
• Анкетаны ұшуға 72 сағат қалғанда мемлекеттік қызметтер порталының мобильді қосымшасы арқылы толтыру қажет.
386

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram