avatar
Vietjet Qazaqstan
@qazaqair
29.05.2025 08:56
QAZAQ AIR (VIETJET QAZAQSTAN) рейстері Шымкент әуежайының жаңа терминалынан орындалады

2025 жылғы 30 мамырдан бастап QAZAQ AIR (VIETJET QAZAQSTAN) әуе компаниясы Шымкент халықаралық әуежайындағы жаңа терминалынан рейстерді орындай бастайды.

Алғашқы рейс Шымкент – Жезқазған бағыты бойынша жүзеге асырылады.

Бұл шара барлық әуе тасымалдаушыларды жаңа терминалға көшіру жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Заманауи кешен 2024 жылдың соңында іске қосылған. Жалпы ауданы – 39 000 шаршы метр.

Терминал сағатына 2 000 жолаушыға дейін қабылдай алады.
Әуе компания жолаушыларға тіркеу, тексеру және отырғызу рәсімдерінен уақытылы өту үшін әуежайға ұшу уақытына дейін кемінде 3 сағат бұрын келуге кеңес береді.
339

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram