avatar
Vietjet Qazaqstan
@qazaqair
06.05.2025 08:30
Vietjet жаңа әуе компанияның брендін ұсынады: Vietjet Qazaqstan

Астана, 6 мамыр, 2025ж. – Vietjet және Qazaq Air Қазақстан-Вьетнам іскерлік дөңгелек үстелінде Vietjet Qazaqstan атты жаңа брендті іске қосу бойынша стратегиялық серіктестік туралы ресми жариялады. Іс-шара Вьетнамның Бас хатшысы То Ламның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында өтті.

Аталған серіктестік аясында екі жақ жаңа Vietjet Qazaqstan брендін бірлесіп дамытып, қолданыстағы Qazaq Air платформасына сүйене отырып басқарады.
Сондай-ақ іс-шарада Qazaq Air және Boeing Vietjet Qazaqstan басқаратын болашақ Boeing 737 флотын қолдау үшін Тұтынушыларға қызмет көрсетудің жалпы шарттары туралы келісімге қол қойды. Vietjet Qazaqstan кемінде 20 Boeing 737 ұшағынан тұратын флотты басқаратын болады, бұл ішкі және халықаралық маршруттар желісін айтарлықтай кеңейтеді.

Толығырақ: www,flyqazaq.com
522

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram