avatar
Vietjet Qazaqstan
@qazaqair
01.05.2025 13:35
Астанадан Самарқанға алғашқы халықаралық рейс жолаушылары ұшты

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай QAZAQ AIR әуе компаниясы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Астана – Түркістан – Самарқан бағытындағы халықаралық әуе рейсін іске қосты. Салтанатты ашылу рәсімі елордалық әуежайда өтті.

Рейстің ашылу рәсіміне Қазақстандағы Өзбекстан Елшілігінің сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ислом Орифжонов, елорда әуежайының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Пыштанов, QAZAQ AIR Директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Коуэн, QAZAQ AIR Басқарма төрағасының м.а. Әділбек Өмірәлиев қатысты.

«Бауырлас елдер арасындағы әуе қатынасын ашу арқылы біз әр дәуірдің астаналарын байланыстыратын жайлы әрі танымды саяхат мүмкіндігін ұсынамыз. Бұл маршрут жолаушыларға тарих пен дәстүрге терең бойлауға жол ашады», – деді Ә. Өмірәлиев.

Самарқан – әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Рим мен Афинаның замандасы, 2750 жылдан астам тарихы бар. Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы, ашық аспан астындағы мұражай. Астана – Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан заманауи елорда.
448

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram