avatar
Ongar_online
@ongar_online
02.05.2026 10:56
Польшада тыңшылық ісі бойынша ұсталған қазақстандық дипломат босатылды

Польша мен Беларусь шекарасында «5-ке 5» форматында тұтқындар алмасуы өтті. Соның нәтижесінде бірнеше адам бостандыққа шықты, олардың арасында Польшада тыңшылық күдігімен бұрын ұсталған қазақстандық дипломат та бар.

Mostmedia басылымының мәліметінше, әңгіме Украинадағы Қазақстан елшілігінің әскери атташесінің көмекшісі Ануар Бакибаев туралы болып отыр.

Польша билігі оны Ресейдің мүддесіне жұмыс істеді деп күдіктенген. Келісім аясында ол Беларусь тарапының қарамағына берілді.

Бұл алмасу бірнеше айға созылған ұзақ келіссөздердің нәтижесі болды. Келіссөздерге АҚШ, Молдова, Румыния, Ресей және Қазақстан секілді бірқатар елдер делдалдық еткен. Тараптар бірнеше рет келісімге келуге тырысқанымен, мәміле соңғы сәтте қайта-қайта бұзылып отырған.

Ақыры алмасу 28 сәуір күні әдетте жабық болатын «Беловежа–Переров» шекара бекетінде жүзеге асты.

Беларусь тарапы Польшаға журналист Анджей Почобутты, монах Гжегож Гавелді және тыңшылық үшін сотталған тағы бір адамды тапсырды. Ал Ресей Молдоваға оның арнайы қызметінің екі қызметкерін қайтарды.

Польша өз кезегінде қазақстандық дипломаттан бөлек бірнеше тұлғаны берді. Олардың қатарында Молдованың Ақпарат және қауіпсіздік қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Александр Бэлан, Беларусь азаматы Владислав Надейко және ресейлік археолог Александр Бутягин бар.
😡 31
2
😁 2
😱 1
5 1 1.5K

Обсуждение 5

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Ongar_online

5.4K
Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:

🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.

Жарнама бойынша: +7 701 203 9786
Открыть в Telegram