avatar
Ongar_online
@ongar_online
29.04.2026 18:02
Аягөзде 31 отбасы баспаналы болды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында Аягөз қаласында салынған бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсіміне қатысты.

Бірлік күні қарсаңында өткен салтанатты шарада кезекте тұрған азаматтар арасынан 31 отбасыға жаңа баспананың кілттері табысталды.

Шара барысында өңір басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, тұрғын үй саясаты бойынша жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар, тұрғын үй ауласына ағаш отырғызып, пәтерлермен танысты.
35
👍 5
👏 2
3 1.8K

Обсуждение 3

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Ongar_online

5.4K
Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:

🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.

Жарнама бойынша: +7 701 203 9786
Открыть в Telegram