П
ҚР Парламенті Мәжілісі
@mazhilis_kz
25.04.2026 12:49
Мәжіліс депутаттары жалпықалалық сенбілікке қатысты

Палата спикері Ерлан Қошанов бастаған Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты. Іс-шараны «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында елорда әкімдігі ұйымдастырды.

​Депутаттар Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының жанындағы аллеяға шырша көшеттерін екті.

​– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Президент бастамасы бойынша қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы бүгінде миллиондаған адамды біріктіріп, нағыз жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі референдумда қолдау білдірген Конституциямызда қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау алғаш рет бекітілді. Осының бәрі жоғары экологиялық мәдениет азаматтарымыздың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын көрсетіп отыр. Қазіргі таңда сенбілікке қатысу, ауылдар мен қалаларды көгалдандыру еліміздің барлық өңіріндегі тұрғындар шын ықыласымен атсалысатын игі дәстүр саналады, – деп атап өтті Ерлан Қошанов.


Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

Instagram* Facebook*
YouTube TikTok
Telegram
👍 1
👎 1
309
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
П

ҚР Парламенті Мәжілісі

8.2K
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Открыть в Telegram