П
ҚР Парламенті Мәжілісі
@mazhilis_kz
23.04.2026 21:47
Мәжіліс депутаттары көшпелі отырыстаесірткіге, алкогольге тәуелділікті және ойынқұмарлықты емдеу мәселелерін талқылады

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында есірткіге, алкогольге тәуелділікті және ойынқұмарлықты емдеу мәселелері қаралды. Талқылау комитет жетекшісі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығында өтті.

Жиында баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімова 2026 жылдың басындағы есеп бойынша психобелсенді заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар 108 мыңнан астам адам динамикалық тіркеуде тұрғанын хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, проблема шын мәнінде әлдеқайда ауқымды.

Бұл ретте Айна Мысырәлімова алдын алу, ерте анықтау, емдеу, оңалтуды және қайтаәлеуметтендіруді біріктіретін біртұтас «көмек континуумы» моделіне көшуді ұсынды. Оның айтуынша, жазалау-есепке тәсілінен гөрі оңалтуға баса назар аудару қажет. Ұсыныстардың жеке блогы, депутаттың пікірінше, басым әлеуметтік қауіп деп танылуға тиіс лудоманияға қатысты болды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемованың мәліметінше, еліміз бойынша барлығы 47 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы бар, бұл жеткіліксіз екені анық. Полиция қызметкерлері де, медицина қызметкерлері де әр қалада, әр ауданда осындай орталықтар ашу қажет екенін атап өтті. Вице-министрдің айтуынша, бір пациентті емдеуге арналған қолданыстағы тариф нақты шығындарды өтемейді.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаевтың айтуынша, бұл жұмысты ұйымдастыру үшін Ішкі істер министрлігі «бір терезе» қағидатын енгізуді орынды деп санайды. Атап айтқанда, емдеу-профилактикалық мекемелердің жанынан нақты бір күндері айына 2-4 рет отырыс өткізе отырып, арнайы медициналық комиссиялар құру қажет. Бұл ретте ішкі істер органдары маскүнемдіктен зардап шегетін адамдарды емдеуге, профилактикалық мекемелерге жеткізуге, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын.

Отырыс барысында депутаттар нашақорларға арналған балалар бөлімшелерінің саны мен жай-күйі, нашақорлықты қоса алғанда, тәуелділіктің басқа түрлеріне шалдыққан кәмелетке толмағандардың статистикасы, олармен жүргізілетін жұмыстың тиімділігі, аддиктолог-мамандар даярлау туралы мәселе көтерді.

Отырыс соңында Асхат Аймағамбетов Қазақстанда наркологиялық қызметтің заманауи моделін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Комитет төрағасы басты шаралардың қатарында емдеу хаттамаларын ДАЖ-11 жіктемесіне және халықаралық стандарттарға сай жаңартуды, сондай-ақ ел аумағында тәуелді азаматтарды емдеуге бірыңғай тарифті енгізуді тілге тиек етті. Депутаттың айтуынша, лудоманияға ерекше назар аударып, оны дербес бағыт ретінде қарастыру қажет.

Көшпелі отырыс аясында Мәжіліс депутаттары Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығының қызметімен танысты.

Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

Instagram* Facebook*
YouTube TikTok
Telegram
👎 2
👍 1
309
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
П

ҚР Парламенті Мәжілісі

8.2K
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Открыть в Telegram