П
ҚР Парламенті Мәжілісі
@mazhilis_kz
23.04.2026 20:08
Мәжілісте ветеринария мәселелері туралы заң жобасының таныстырылымы өтті

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде депутаттар бастамашы болған ветеринария мәселелері бойынша заң жобасының таныстырылымы өтті. Құжат елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және эпизоотиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

Атап айтқанда, заң жобасы ветеринария жүйесін кешенді жаңғыртуды көздейді. Мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктер ажыратылып, жергілікті ұйымдар өзіне тән емес функциялардан босатылады. Сонымен қатар, сала мамандарының дәрежесін көтеру және оларды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету тетіктері қарастырылған.

Түзетулердің маңызды бөлігі инфрақұрылымды дамытуға арналған. Жергілікті атқарушы органдарға мал қорымдарын, биотермиялық шұңқырлар мен мал сою пункттерін салу құзыреті беріледі. Сондай-ақ ветеринариялық препараттардың айналымын бақылайтын арнайы фармацевтикалық инспекция құру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, ветеринариялық дәрігерлердің жалақысын арттыру, отандық вакцина өндірушілерге GMP стандарттарын енгізу және сауда нысандарындағы мемлекеттік бақылауды күшейту шаралары талқыланды. Бұл өзгерістер мал шаруашылығы өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне экспорттау мүмкіндігін кеңейту үшін маңызды.

Жиын барысында депутаттар биологиялық қауіпсіздікті нығайту, құс фабрикалары өнімдерінің бағасын реттеу және ветеринариялық препараттарды өндірушілер үшін салық жүктемесін азайту мәселелерін де көтерді. Барлық ұсыныстар жұмыс тобының отырыстарында егжей-тегжейлі қаралады.

Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

Instagram* Facebook*
YouTube TikTok
Telegram
👍 1
👎 1
1 369
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
П

ҚР Парламенті Мәжілісі

8.2K
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Открыть в Telegram