Мәжіліс төрағасы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының басшысымен кездесті
Мәжіліске Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Пере Понс бастаған делегация келді. Конақтарды қарсы алған Мәжіліс төрағасы Пере Понстың Астанаға сапары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен өзара іс-әрекетті талқылау үшін тамаша мүмкіндік екенін атап өтті.
Ерлан Қошанов Қазақстан Президентінің БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдағаны үшін Ассамблея басшысына алғыс айтты. Палата спикері Өңірлік экология саммиті барысында қабылданған Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы мен басқа да бірқатар маңызды келісімдер ортақ экологиялық күн тәртібін қалыптастыруға елеулі серпін беретініне сенім білдірді.
Мәжіліс төрағасы Пере Понсты Қазақстандағы саяси реформалар мен жаңа Конституцияның басты қағидалары туралы хабардар етті. Ол Ата заңда экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттің жауапкершілігі бекітілгеніне назар аударды.
Өз кезегінде, Пере Понс ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Өңірлік экология саммитінің қорытындыларына жоғары баға беріп, экология, көлік, логистика, орнықты даму мәселелерінде Орталық Азия өңірінің елдерімен одан әрі ықпалдастықты күшейтуге шақырды.
Толығырақ
mazhilis.parlam.kz сайтында.
Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.
Instagram* Facebook* YouTube TikTok Telegram
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram