П
ҚР Парламенті Мәжілісі
@mazhilis_kz
22.04.2026 12:35
ҚР Парламенті Мәжілісі Еуразиялық экономикалық одақта кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі енгізіледі Мәжіліс 2024 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялады. Құжат ЕАЭО мен үшінші тараптардың кедендік шекаралары арқылы тауар тасымалдауға қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ететін кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін қалыптастыруды көздейді. Жүйе мынадай негізгі элементтерді қамтиды: – электронды форматтағы бірыңғай транзиттік декларацияны қолдану; – кедендік алымдар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібін пайдалану; – тауарлардың бүкіл жүру жолында тасымалды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану; – кеден органдары шешімдері мен кедендік бақылау нәтижелерін өзара тану. Жүйені енгізу кедендік рәсімдерді стандарттауға және жеңілдетуге, транзит кезіндегі бизнестің уақыт пен қаражат шығынын азайтуға, ақпарат алмасуды жеделдетуге, жеткізілімдердің қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сонымен қатар, бірыңғай жүйені қалыптастыру халықаралық саудаға қатысушылар үшін рәсімдердің алдын ала болжамды болуын қамтамасыз етуге тиіс. @mazhilis_kz
В ЕАЭС внедрят единую систему таможенного транзита

Мажилис ратифицировал Соглашение о единой системе таможенного транзита Евразийского экономического союза и третьей стороны (третьих сторон), подписанное 26 декабря 2024 года в городе Санкт-Петербурге.

Документ предусматривает формирование единой системы таможенного транзита, которая позволит обеспечить благоприятные условия для перевозок товаров через таможенные границы ЕАЭС и третьих сторон.

Система включает следующие ключевые элементы:
– применение единой транзитной декларации в электронном формате;
– использование единого порядка обеспечения уплаты таможенных пошлин и налогов;
– применение навигационных пломб для отслеживания перевозок на всём пути следования товаров;
– взаимное признание решений таможенных органов и результатов таможенного контроля.

Ожидается, что внедрение системы позволит стандартизировать и упростить таможенные процедуры, сократить временные и финансовые издержки бизнеса при транзите, ускорить обмен информацией, повысить безопасность и оперативность поставок. Кроме того, формирование единой системы должно обеспечить предсказуемость процедур для участников международной торговли.

@mazhilis_kz
👍 5
👎 2
8 479

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
П

ҚР Парламенті Мәжілісі

8.2K
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Открыть в Telegram