П
ҚР Парламенті Мәжілісі
@mazhilis_kz
22.04.2026 12:08
ҚР Парламенті Мәжілісі Қазақстан мен Оман экономикалық ынтымақтастықты нығайтады Мәжіліс Қазақстан мен Оман Сұлтандығы Үкіметтері арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялады. Келісім екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға және өзара сауда-саттықты кеңейтуге бағытталған. Оның аясында салық салу тәртібін реттеу мен салықтық кедергілерді жою тетіктері белгіленді. Оның аясында мына мәселелерді реттеу қарастырылған: - салық салу үшін резиденттікті анықтау; - тұрақты мекеме құру; - салық салынатын кірістерді (дивидендтерді, пайыздарды, роялтиді, кәсіпкерлік табыстарды және т.б.) бөлу; - салық салуда кемсітушілікке жол бермеу; - екі елдің құзыретті органдары арасындағы өзара келісу тетігі; - салық ақпаратымен алмасу тәртібі; - жеңілдіктерді шектеу. Құжатқа сәйкес, екі елдің құзыретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде салықтан жалтарудың алдын алуға және қаржылық ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау және салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру шаралары қарастырылған. Келісім Қазақстан мен Оман арасындағы стратегиялық және экономикалық серіктестікті дамытуда маңызды қадам болады деп күтілуде. @mazhilis_kz
Казахстан и Оман усиливают экономическое сотрудничество

Мажилис ратифицировал Соглашение между правительствами Казахстана и Омана об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от налогообложения в отношении налогов на доход и капитал и Протокол к нему.

Соглашение направлено на укрепление экономического сотрудничества между двумя странами, создание благоприятных условий для инвестиций и расширение взаимной торговли.

В его рамках предусмотрено регулирование следующих вопросов:
– определение резидентства для целей налогообложения;
– образование постоянного учреждения;
– распределение налогооблагаемых доходов (дивидендов, процентов, роялти, доходов от предпринимательской деятельности и др.);
– недискриминация при налогообложении;
– механизм взаимного согласования между компетентными органами двух стран;
– порядок обмена налоговой информацией;
– ограничение льгот.

Согласно документу, предусмотрен обмен информацией по налоговым вопросам между компетентными органами двух стран. Это, в свою очередь, позволит предотвратить уклонение от уплаты налогов и обеспечить финансовую прозрачность. Также предусмотрены меры по защите прав инвесторов и оптимизации налогового администрирования.

Соглашение станет важным шагом в развитии стратегического и экономического партнёрства между Казахстаном и Оманом.

@mazhilis_kz
👍 3
👎 1
3 417

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
П

ҚР Парламенті Мәжілісі

8.2K
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Открыть в Telegram