Қазақстан мен Оман экономикалық ынтымақтастықты нығайтады
Мәжіліс Қазақстан мен Оман Сұлтандығы Үкіметтері арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялады.
Келісім екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға және өзара сауда-саттықты кеңейтуге бағытталған. Оның аясында салық салу тәртібін реттеу мен салықтық кедергілерді жою тетіктері белгіленді.
Оның аясында мына мәселелерді реттеу қарастырылған:
- салық салу үшін резиденттікті анықтау;
- тұрақты мекеме құру;
- салық салынатын кірістерді (дивидендтерді, пайыздарды, роялтиді, кәсіпкерлік табыстарды және т.б.) бөлу;
- салық салуда кемсітушілікке жол бермеу;
- екі елдің құзыретті органдары арасындағы өзара келісу тетігі;
- салық ақпаратымен алмасу тәртібі;
- жеңілдіктерді шектеу.
Құжатқа сәйкес, екі елдің құзыретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде салықтан жалтарудың алдын алуға және қаржылық ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау және салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру шаралары қарастырылған.
Келісім Қазақстан мен Оман арасындағы стратегиялық және экономикалық серіктестікті дамытуда маңызды қадам болады деп күтілуде.
@mazhilis_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram